Тарихи тұрғыдан Allur автозауытынан бастау алған Tehnopark компаниясын логистика, арнайы техника, ауыл шаруашылығы, құрылыс және ақпараттық технологиялар сияқты түрлі салалардағы 15-тен астам бизнесті біріктіретін қазақстандық холдингті — Ular-ға айналдырдық. Әр бағыттың дербестігін сақтай отырып, оларды бір бренд аясында біріктіріп, холдингтің өзіндік келбетін қалыптастыру мақсатында стратегия, жаңа атау мен бірыңғай дизайн жүйесін әзірледік.
Бренд архитектурасын әзірлеу барысында бизнестің түрлі бағыттары мен холдингтің болашақтағы өсу мүмкіндіктерін ескердік. Жүйенің негізгі мақсаты — холдингтің біртұтас келбетін қалыптастыра отырып, әр бизнес бағытының өзіндік ерекшеліктерін сақтау болды. Брендтің визуалды тілі ұлар құсының бейнесінен бастау алды. Құс брендтің символына айналып, оның қауырсыны дизайн жүйесінің негізін қалады. Бұл элемент әртүрлі ақпарат тасымалдаушыларында біртұтас визуалды стильді сақтауға және оны бизнестің жекелеген бағыттарына бейімдеуге мүмкіндік береді.
Ular компаниясының өзіндік бренд платформасы, атауы, архитектурасы мен дизайн жүйесі қалыптасты. Олардың барлығы біртұтас бренд жүйесінің негізін қалап, холдингке жаңа бизнес бағыттары мен компанияларды негізгі брендпен байланысын сақтай отырып, жүйелі түрде дамытуға мүмкіндік берді. Жоба аясында брендті басқару және бренд архитектурасы бойынша оқыту жұмыстары да жүргізілді. Соның нәтижесінде Ular командасы дайын жүйемен қатар, біздің жұмысымыз аяқталғаннан кейін оны дербес басқаруға, қолдануға және әрі қарай дамытуға қажетті білім мен дағдыларды меңгерді.